Болат Назарбаевтың өлімі: Қасым-Жомарт Тоқаев жаназаға қатыспайды

Айнель Аянова

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бауырының қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Бүгінгі оқиғаларға байланысты біз президенттің баспасөз хатшысынан президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жерлеу рәсіміне қатыса ма деп сұрадық.

«Мемлекет басшысы Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды», - дейді Берік Уәли.

Еске сала кетейік, бүгін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болды.