Өзбекстанда әскерилер мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Ulysmedia

Өзбекстан қарулы күштерінің Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуы кезінде апатқа ұшырады. Экипаж мүшелері қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz елдің Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Өзбекстан Қорғаныс министрлігі

Апат 17 қарашада Астана уақытымен сағат 21:15-те болды.

Тікұшақ Самарқанд облысындағы «Қаттақорған» полигонында оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

Өзбекстанда қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қорғаныс министрлігі қаза болған әскери қызметшілердің отбасылары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Бұған дейін АҚШ-та әскери ұшақтың құлағаны хабарланған болатын. 5 адам қайтыс болды.