Дауыл: Павлодар облысында 40 елді мекен жарықсыз қалды

Ulysmedia

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті дауыл салдарынан тіркелген оқиғалар туралы мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Павлодар облыстық ТЖД

«Қазіргі таңда шатырдың ұшып кетуі, бүлінуіне қатысты 42 оқиға тіркелді. 100 елді мекенде электр қуаты үзілсе, 60-ында қалпына келтірілді, 40 елді мекен жарықсыз қалды. Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдарын пайдалана отырып жалғасуда», - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтарынан мүмкіндігінше ауа райы жақсарғанша көшеге шықпауды сұрайды.

Бұған дейін Павлодар облысындағы Екібастұз ЖЭО-да түнде соққан дауыл салдарынан электр қуаты үзіліп, қазандықтар өшіп қалғаны белгілі болған.