Мемлекеттік хатшы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту бойынша тапсырма берді

Ulysmedia

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Ақорданың мәліметінше, мемлекеттік хатшы өз сөзінде Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы елдігімізді айшықтап, бірлігімізді көрсететін айтулы оқиға екенін, алдағы жоспарланған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу қажеттігін айтты.

«Ақынның мерейтойы жас ұрпақты тәрбиелейтін, ұлтымызды ұйыстыратын, жұртшылыққа ой салатын тағылымы мол, тәлімі зор, тәрбиелік мәні бай шара болуы тиіс», - деді Қырымбек Көшербаев.

Жиын соңында Мемлекеттік хатшы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарды орындау жөніндегі жұмысты жалғастыруды және белгіленген іс-шаралардың сапалы өткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.