Астана жедел жәрдем станциясының басшысы Мұрат Оразбаев қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Антикор оның ұсталғаны туралы бір күн бұрын хабарлап, бірақ ешқандай мәлімет берген жоқ,
Кейбір мәліметтер бойынша Оразбаев ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
Мұрат Оразбаев 1976 жылы 9 қазанда Қызылордада дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық орталық ауруханасының хирург-дәрігері болып бастаған. 2001 жылдан 2008 жылға дейін Қызылорда облыстық медициналық орталығында реаниматолог-анестезиолог, токсикология және ГБО бөлімшесінің меңгерушісі, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің меңгерушісі, бас токсиколог, Қызылорда облысы денсаулық сақтау департаментінің бас реаниматологы болып жұмыс істеді.
2009 жылдан бастап еңбек жолын Астана Ұлттық медициналық холдингінің республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы АҚ-да жалғастырды.
2011 жылы аурухана әкімшілігінде (MD MBA) іскери әкімшілік магистрі академиялық дәрежесі берілді.
2017 жылғы 19 мамырдан 2019 жылғы қарашаға дейін республикалық санитариялық авиация орталығы өңірлік даму жөніндегі директорының орынбасары, ҚР М3 шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығының басқарма төрағасының орынбасары. ҚР жедел медициналық көмек қауымдастығының атқарушы директоры. ДДҰ ТЖ-ға ден қою жөніндегі ұлттық үйлестіруші.
2020 жылы “Құрмет” орденімен марапатталған.