СҚО-да әкімдік ғимараты өртеніп кетті

Оралхан Қожанов

Мамлют ауданы Воскресеновка ауылында кеше түнде өрт болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

бейнежазбадағы кадр

Воскресеновка ауылдық округі әкімдігінің ғимараты 1955 жылы ағаштан салынған екен.

Қызыл жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт салдарынан елдімекен толығымен жарықсыз қалды.

Әзірге зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жайлы дерек жоқ. Өртке қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп деген болжам бар.