Таразда шетелдіктер құлдықта болған

Ulysmedia

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pixabay

Ішкі істер министрлігі полицияға 24 және 40 жастағы Өзбекстанның тумаларынан еңбекпен қанау фактісі бойынша арыз түскенін хабарлады.

"Жәбірленушілер өтініште жеке бір азаматтың басын куәландыратын құжаттарды тартып алып, Тараздың құрылыс нысандарында жұмыс істеуге мәжбүр еткенін атап өтті. Олар қашып үлгерген. Бірақ әлгі азамат құжаттарды қайтарғаны үшін ақша талап етті", - деп хабарлады полиция.

Нәтижесінде Түркістан облысының 35 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.