ЕАЭО-дағы әрбір бесінші тұрғын – зейнеткер

Оралхан Қожанов

2023 жылдың басында Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі зейнеткерлер саны 41,4 миллион адам болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

egemen.kz

Еуразиялық экономикалық комиссияның статистика департаменті ЕАЭО елдеріндегі зейнетақымен қамсыздандыру туралы зерттеуді жариялады.

Жинаққа 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңдегі еңбекке қабілетті жастан асқан халықты сипаттайтын зейнетақы көрсеткіштері және басқа да әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер туралы мәліметтер енгізілген, деп мәлімдеді комиссиядағылар.

Статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2022 жылы зейнетақы мөлшері Қырғызстанда 96 АҚШ долларынан (8 114 сом) Ресейде 264 АҚШ долларына (17 825 рубль) дейінгі көлемді құрады.

"ЕАЭО-да еңбекке қабілетті 100 адамның орташа есеппен 23-і зейнеткер, оның 8-і ер адам және 15-і әйел", - деп мәлімдеді комиссиядағылар.

Еуразиялық экономикалық одақтың статистика мамандары ЕАЭО елдерінде зейнетке шығу жасының әртүрлі екенін түсіндірді: ерлер үшін Ресейде 61,5 жастан Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстанда 63 жасқа дейін, әйелдер үшін Ресейде 56,5 жастан Арменияда 63 жасқа дейін.