Астанадан шыға алмағандарға ұшақ билетінің толық құны қайтарылады – министрлік

Оралхан Қожанов

Көлік министрлігі Астанадан ұшып кете алмаған жолаушыларға билет құнының 100 пайызын қайтару тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz көлік министрлігіне сілтеме жасап.

egemen.kz

Министрліктің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омарханның айтуынша, әлеуметтік желіде рейстердің тоқтатылуына және кешіктірілуіне байланысты билеттің толық құны қайтарылмайтыны туралы қате ақпарат тарап жатыр. Билет ақшасын толық қайтарып алу үшін онлайн қосымшаларға емес, әуе компанияның өзіне жүгіну керек.

"Билетті арнайы қосымшалар арқылы қайтару кезінде белгілі бір сома ұсталып қалады деп шығуы мүмкін. Өйткені әуе компаниялардың билет сатуға арналған жүйелерінің техникалық баптаулары автоматты түрде солай есептейді. Сондықтан билеттің толық құнын қайтару үшін жолаушылар авиакомпанияларға тікелей жүгінуі керек. Мұны екі әдіспен жүзеге асыруға болады: телефондарына хабарласып немесе Астана әуежайы ғимаратында орналасқан әуе тасымалдаушылардың кеңселеріне барып, билеттің толық құнын қайтарып алуға болады", - дейді Омархан.

Айта кетерлігі, кешеден бері Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты ондаған рейстер кейінге шегерілді. Әуежайға министрдің өзі де барды. Түннен бастап әуежай бастап келген ұшақтарды қабылдай бастады.