Дубайдағы ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруға $7 млрд бөлінді

Ulysmedia

Дубайдағы ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесі Таяу шығыс аймағындағы алғашқы бүкіләлемдік көрме саналады. Ол 2021 жылғы 1 қазан мен 2022 жылғы 31 наурыз аралығында өтеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: ашық дереккөзден

Көрме тақырыбы: «Ақыл-ойды біріктіріп, болашақты құрамыз». Бұл тақырыптың өзі үш тақырыпшадан тұрады. Олар: Мүмкіндік, Ұтқырлық, Тұрақтылық. Әрқайсының өз мән-мағынасы, мақсат-міндеті бар. 

Дубайдағы ЭКСПО-2020 көрмесіне шамамен 25 млн адам келеді деп болжанып отыр. Олардың 20% - бизнес өкілдері болса, шетелдік қонақтар үлесі 70% құрайды. Бұл ЭКСПО дүниежүзілік көрмелерін өткізудің 168 жылдық тарихындағы рекордтық көрсеткіш болуы мүмкін.

ЭКСПО кешенінің жалпы ауданы 438 гектарды құрайды. Көрмені ұйымдастыруға 7 миллиард доллар бөлінді.

ЭКСПО-2020-да 10 мыңнан астам мәдени-ойын сауық шарасы өткізілмек. Бұған қоса көрмеге 192 ел қатыспақ.