Майқайыңдағы апат: автобустың құлаған видеосы жарияланды

Оралхан Қожанов

4 қаңтарда сағат 01-25 шамасында Баянауыл ауданы «Майқайыңалтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының маңында төрт жолаушысы бар автобус тазарту кеңістігіне құлап кеткен болатын. Бүгінде екі адамның денесі табылып, қалған екеуін іздестіру жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

gov.kz

Төтенше жағдайлар министрлігі үйінді астында қалған автобусты іздеу үшін қосымша техника жұмылдырылғанын мәлімдеген болатын.

Жұмыстарға шағын экскаватор тартылды, оның жалпы салмағы 3,5 тонна. Ол ауыр техника жол ашқаннан кейін, шұңқырдың түбінде қазба жұмыстарын жүргізуге қатысады. Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқырдың түбінде маркшейдер рейкасын орнату және автобустың болжамды орналасқан жерін сигналдық лентамен белгілеу бойынша жұмыстар жүргізді", - делінген хабарламада.

Техниканың өтуі үшін бағаналы жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Жалпы опырылған жерден 110 мыңнан астам тонна топырақ пен тау жыныстары шығарылған.

Сонымен қатар, жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы жалғасуда. 

"Жерасты кенішінің пайдаланылған тау-кен қазбаларына қолжетімділікті жүзеге асыру үшін тау-кен массасының опырылу орындары мен масштабтарын көзбен анықтау мақсатында пайдаланылған тау-кен қазбаларындағы бетон көпірлерін талдау жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарына барлығы 142 адам, 50 техника, 3 кинологиялық топ және 2 ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, автобуспен бірге жер астына түсіп кеткен төрт адамның екеуінің денесі шығарылды.