Ең шалғайдағы арал тұрғындары туристердің қайтып келуіне қарсы

Ulysmedia

Пасха аралының тұрғындары 2022 жылдың қаңтарында туристер үшін шекараның ашылуына қарсы дауыс берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

BFMTV-ның мәліметінше, 24 қазан күні дауыс беруге арал тұрғындарының 20%-ы – 972 адам қатысты. 649 тұрғын туристердің келуіне қарсы дауыс берсе, 320 адам шекараның ашылуын қолдап дауыс берді.

Дауыс беру қорытындысы ештеңеге міндеттемейді. Соңғы шешімді Вальпараисо ауданының денсаулық сақтау органы қабылдайды.

2020 жылы бұл аралға бірде бір турист келмеген. Пандемия басталғалы бұл жақта 8 адам ғана коронавируспен ауырған.