Терезеден секіріп кеткен: Алматыдағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер бар

Ғалиасқар Думан

Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы 8 адамның жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

– Алматыдағы жер сілкінісі салдарынан 23 қаңтардағы жағдай бойынша сағат 03.00-ке дейін сегіз адам зардап шекті. Олардың бәрі бірден қаланың стационарларына жеткізілді. Тұрғын үйлердің екінші және үшінші қабаттарынан секіруге байланысты үш адам жарақат алды. Тексеруден кейін зардап шеккен екі адам амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр деп бағаланады және ауруханаға жатқызылады. Үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар амбулаториялық емделуге жіберілді", - деп хабарлады сейсенбіде қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Алматыдағы жер сілкінісі

Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. 

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Сілкініс кезінде лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.