Астанада бірнеше оқушы 8-ші сыныптың қызын зорлады деген айыппен қамауға алынды

Ulysmedia

Әлеуметтік желілерге тараған ақпаратты кейін құзырлы орган растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Елорда полициясы қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) басталғанын хабарлайды.

Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Ал бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева күдіктілер қамауға алынғанын, тергеу жүріп жатқанын, қыз баланың анасымен байланыста отырғанын хабарлайды.