МӘМС жүйесінен бас тартуға болмайды – министр Әлназарова

Аян Өрібай

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жұрт сынына жиі ілігетін міндетті әлеуметтік-сақтандыру жүйесі жайлы пікірін ацйтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Скриншот

“Халықтың шағымы көп екенін білем”

Сенат кулуарында Ақмарал Әлназарова бір жылдан аз уақыттың ішінде МӘМС жүйесінің проблемаларымен айналысатынын мәлімдеді.

– Қалай десек те МӘМС-тен  бас тартуға болмайды. Бұл министрліктің біржақты ұстанымы. Мен халық тарапынан жүйеге қатысты көп сұрақ барын түсінемін. Жүйені қайта іске қосуымыз керек. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сол шаруамен айналыса бастадық. Біз бүгі нде медициналық ұйымдарға жіберілетін ақша ағынының жұмысын жеңілдетуіміз керек, - дейді ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қазір медицина қызметкерлері үшін де, азаматтарға медициналық қызмет көрсететін ұйымдар үшін де белгілі бір қиындықтар барын мойындады. Әлназарова алғашқы тапсырмалар мен шешімдер шағымдарды азайтуға және халықтың МӘМС жүйесіне неге наразы екенін түсінуге бағытталатынына уәде берді.

Сондай-ақ, экс-сенатор алғашқылардың бірі болып трансплантация мәселесін қарастыратынын айтты.

– Мұнда халықтың денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімі өте үлкен мәселе. Тарифтік саясатқа қатысты мәселелер бар – медициналық ұйымдар алатын тарифтер бойынша әлеуетті донорларды анықтайтын 16 орталық анықталды. Біз осымен жұмыс істейтін боламыз, - деді Әлназарова.

Естеріңізге сала кетейік, Ақмарал Әлназарова 6 ақпанда Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған.Бұған дейін бұл лауазымды Ажар Ғиният атқарған.

“Әлемдегі жалғыз жүйе”

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жойылу мүмкіндігіне қатысты сауалға жауап берген болатын. Оның айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесі әлемдегі клиент үшін ақша ұстанымының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жалғыз жүйе саналады. 

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та міндетті-әлеуметтік сақтандыру жүйесі қаншама сынға ұшыраса да керек реформа деп есептейді.