Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында өрт болып, адамдар эвакуацияланды

Сырым Қаржас
ТЖМ

112 нөміріне Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының электр қалқан терминалынан өрт шыққаны жөнінде хабарлама түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы ТЖМ-ге сілтеме жасай отырып.

Сыртқы белгісі бойынша №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда көк түтін көтеріліп, эвакуация жүргізілді.

Сағат 08.24-те өрт ауыздықталды.

№2 серверлік терминалда 10-15 шаршы метр электр кабельдері жанып кеткен.