ҚР СІМ үкіметтік емес ұйымдарға шүйліккен Шойгудың мәлімдемесіне жауап берді

Сырым Қаржас

Қазақстанда 18 мыңға жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстан сыртқы істер министрі басшысының орынбасары Роман Василенко Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Орталық Азиядағы ҮЕҰ "Ресейге қарсы қызметпен айналысады"деген мәлімдемесіне жауап берді.

Роман Василенко азаматтық сектор мен ҮЕҰ-ны қолдау президент пен үкімет үшін маңызды басымдық екенін еске салды.

– Егер дұрыс есімде болса, біздің елімізде 18 мың үкіметтік емес ұйым бар. Олар заңнамаға сәйкес әрекет етеді әрі біздің қоғамның өте маңызды бөлігі саналады. Яғни, азаматтық қоғамды мемлекет қолдайды, - деді ол.

Шойгудың мәлімдемесі

Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу "арнайы әскери операция" аясында Орталық Азия елдерінің Ресеймен әскери-техникалық, экономикалық және мәдени ынтымақтастығын әлсірету үшін Ресейге қарсы іс-шаралар едәуір өскенін мәлімдеген.

– Біз олардың алдын алу шараларын қабылдаймыз, - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей Қазақстандықтарда әскери зымырандарды сынақтан өткізіп жатқаны хабарланған болатын. Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевтың айтуынша, Қазақстан аумағында Ресейдің 900 әскері бар.