Елімізде уақыт белдеуі өзгерген күні 803 сәби дүниеге келді

Оралхан Қожанов

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 29 ақпанда сағат он екіге (00.00) дейін 803 сәби өмір есігін ашқан, деп жазады Ulysmedia.kz.

Pixabay

Олардың ішінде екі егіз бар екен. Сәбилердің 392-і ұл, 411-і қыз.

Тәуліктік туу бойынша көшбасшы Түркістан облысы болды. Онда 118 бала дүниеге келген. Содан кейін Алматы қаласы – 81 нәресте және республика астанасында 79 сәби өмірге келді.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін 2023 жылы қандай есімдер "трендте" болғанын жазған едік.