Еліміздегі мектептер мен колледждерде қылмыскерлер жұмыс істеген

Ulysmedia

Бас прокурордың аға көмекшісі Арғын Айтқожин ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдардың мектептер мен колледждерде жұмыс істегенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Алматыда 2006 жылы кісі өлтірген бір әйел мектепте еден жуушы болып жұмыс істеген. Ал адам зорлаған азамат лаборант болып жұмыс істеген. Астанада бұрын адам зорлағаны үшін сотталған азамат халықаралық колледжде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Бұдан бөлек тазалықшы мен мұғалімге қатысты қасақана дене жарақатын салды деген айып тағылғаны белгілі болды, - деді ол Сенатта.

Айтқожиннің айтуынша, мұндай фактілер еліміздің барлық өңірінде анықталған.