«Қазгидромет»: еліміздің 14 өңірінде қолайсыз ауа райы болады

Ulysmedia

Синоптиктер ертең, 23 наурызда Қазақстанның 14 өңірінде болатын қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: egemen.kz

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.

Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының шығысында, онтүстігінде тұман.

Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түсеі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман.

Абай облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын, тауда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман болады.

Шымкентте түннің бірінші жартысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), тұман.

Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман түседі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында күші секундына 15-20 метрге жетеді.