27 наурызда ауа райы қандай болады

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан бойынша биылғы 27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің болжамынша, Батыс Қазақстанның орталығында жүріп жатқан белсенді циклон мен сонымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуынан еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды әрі желді ауа райы күтіледі.

 

Еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында ғана антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман көрініс табады, оңтүстік өңірде найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады деп күтіледі, - деді синоптиктер