Менің өз оқиғамды айтуға мүмкіндігім болмады - Бишімбаев

Ulysmedia

Қазақстанның бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотта ерекше қатыгездікпен кісі өлтіргені үшін кінәсін мойындамайтынын айтып, судьядан өз нұсқасын айтуды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ulysmedia

Құрметті сот, мен сотқа дейінгі тергеуде де, кез келген жерде де өз оқиғамды айтуға мүмкіндігім болмады деп айтқым келеді. Прокурордың жаңа ғана оқығандарының бәрі жалған, оны растау немесе дәлелдеу жоқ. Сондықтан тағы да айтамын, 110-бап бойынша мұндай қылмыс менің тарапымнан ешқашан жасалмаған, мен бұл кінәні мойындамаймын, - деді Бишімбаев.

Ол өзі айыпталып отырған 99-бап бойынша осындай мәлімдеме жасады.

Мен адамды ерекше қатыгездікпен қасақана өлтірген жоқпын деп айтамын. Түсіндіруге мүмкіндігім болады деп үміттенемін, - деп қосты ол.

Бишімбаевқа Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы (Азаптау), 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылуда.