«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қазақстандықтардың жеке деректерінің таралып кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ. «БЖЗҚ» АҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ-мен бірлесіп, БЖЗҚ-дан деректердің тарап кетуі туралы пайда болған ақпаратқа байланысты жүргізген ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін жоспардан тыс тексеруі барысында Қор тарапынан бұзушылықтардың анықталмағандығын хабарлайды, - деп жазылған ресми хабарламада.
Не болды
Бұған дейін қазақстандықтардың жеке деректері қолды болғаннан кейін Цифрлық даму министрлігі БЖЗҚ, Air Astana, «Қазақтелеком» компанияларын тексеріп жатқанын жазған болатынбыз.
Ведомство мәліметіне қарағанда, аталған компаниялар азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша заң талаптарын қаншалықты сақтап жатқандығын байқап көрмек.
Министрлік оқиғаға қандай да бір мемлекет немесе ұйымның қатысы жөнінде ведомствода бұлтартпас дәлел жоғын алға тартты.
Сондай-ақ Air Astana әуе компаниясы да жолаушылардың жеке деректерінің қауіпсіз сақталған деген ақпарат таратты.