Алматылықтар 2 балл болатын жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
10 сәуірде 19-58-де Алматы қаласында 2 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі мен баллдық нақтылануда, - деді ТЖД өкілдері.
Кейінірек "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ҚР ТЖМ ЖШС мәлімет берді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 484 километрде болған, афтершок.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6.
MPV магнитудасы 6.0.
Эпицентрдің координаттары 41.37° С. Е. 82.23° ш. б.
Тереңдігі 10 км.
Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы 2 балл, Кеген, Райымбек аудандары 3 балл.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жер сілкінген. Оның магнитудасы 5,7-ге тең болған.
Айта кетейік, бүгін, 10 сәуірде сағат 10:57-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. Сейсмоинституттағылар бұл жағдайды афтершок деген. Алайда Қазақстан аумағында сезілмеген.
Алматыдағы жер сілкінісі
Еске салсақ, Алматыда 23 қаңтар күні түнде қуатты жер сілкінісі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы 40-тан астам адам жарақат алғаны жөнінде ақпарат таратты.
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.
Жер сілкінісінен кейін мектептер мен ауруханалардың қабырғасынан жарықшақтар анықталған.
Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді: