TikTok vs Байден. Әлеуметтік желі Байден қол қойған заңға қарсы шығуды жоспарлап отыр

Ulysmedia

TikTok әлеуметтік желісі бұл заңды "Конституцияға қайшы" деп атады, сотта өз құқықтарын қорғауға дайын деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Әлеуметтік желіден

“Біз қарсымыз!”

"TikTok – қа тыйым салу туралы заң конституцияға қайшы келеді және біз бұл шешімге қарсы шығамыз", - деді компания өзінің әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында 

Компания өздерінің "АҚШ-тағы деректердің қауіпсіздігі үшін бірнеше миллиард доллар инвестиция құйғанын" еске салды. Және бұл қадамның Тиктоктың сыртқы әсерлер мен манипуляциядан азат болуы үшін жасалғанын айтты. 

“170 миллион американдықты дауысынан айырады"

"Бұл тыйым 7 миллион компания үшін жойқын соққы және 170 миллион американдықты дауысынан айырады", – деп ескертті компания. Сондай-ақ TikTok-ты барлық америкалықтар үшін қауіпсіз платформа ретінде ұстау үшін  инвестиция салуды жалғастыратынын атап өтті.

“Мақтап еді ғой?”

Қазақстандағы TikTok өкілі Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның елдегі сервисті бұғаттау мүмкіндігі туралы айтқан сөзіне түсініктеме берген еді.

Ал, АҚШ президенті қол қойған пакетте төрт заң жобасы бар: Украинаға, Израильге және Тайваньға көмектесу туралы, ал төртінші ұсыныста TikTok-қа тыйым салу және қамауға алынған ресейлік активтерді сатуға рұқсат беретін REPO заңы бар.