Доп ойнаған тоза ма, оза ма: Франция президенті жасыл алаңда жарқ етті

Оралхан Қожанов

Франция басшысы Эмманюэль Макрон футболдан қайырымдылық матчына қатысты, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ian Langsdon, Pool Photo via AP

Макрон пенальтиден 1 гол соққанын атап өткен жөн.

Ойынның тағы бір сәті жанкүйерлердің есінде қалды. Франция президенті қарсылас команданың ойыншысы Эль-Хаджи Диуфты аяғынан шалып жығып, ауызша ескерту алды. “Жер – дөңгелек” деген осы шығар. Бұған дейін қоластындағыларға ескерту беріп келген Макрон өзі де төрешіден ескерту алды.

Қайырымдылық матч Плезирдегі "Бернар Жиру" алаңында өтті. Кездесуде Франция президенті ойнаған команда 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

Матчқа Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам, "Арсеналдың" бұрынғы бапкері Арсен Венгер, Эден Азар, Дидье Дрогба сияқть футболшылар қатысқанын атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ, былтыр қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Франция президенті Эмманюэль Макронды Ақордада қарсы алған болатын.