Бишімбаев пен Байжанов сотта бір-бірімен жауласып, «спектакль» көрсетті – Нүкеновтердің адвокаты

Аян Өрібай

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жарыссөз жалғасып жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев Бишімбаев пен Байжановқа мінездеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ол ондай емес...

– Бишімбаев өзін көрсеткісі келген «образды» еске түсіріп көрейікші. Зиялы, көзілдірік таққан, білімі жоғары, аса діндар ретінде көрсеткісі келді. Діндарлығы сонша бір жыл бұрын Ораза қашан біткені де есінде. Кіммен, соны атап өткені де есінде. Салтанатты қалай көрсеткісі келді? Бірақ бұл «образ» ешқандай сенім ұялатпайды. Айтқаны да, көрсеткісі келгені де, – дейді адвокат.

Вранчев Байжановқа да мінездеме берді.

– Байжанов бізге дәстүрге сай тәрбеиеленген, үлкендерге құрмет көрсететін, Бишімбаевтың айтқанын екі етпейтін әрі оған ағасы ретінде табынған деңгейдегі адам көрсеткісі келді. Бірақ Бишімбаевтың мына сөзі дұрыстау: Байжанов бізге қазақ ауылынан шыққан, жуас жігіт ретінде көрсеткісі келеді. Ол ондай емес. Бұл есебі бар адам. Позициясы әуелі Бишімбаевпен бірге болған. Егер «Салтанат бөлмеде ұзақ уақыт бойы тірі болса, Байжановтың қолынан ұстағаны» ретіндегі нұсқасы шындыққа сай келмейді. Байжанов әу баста не болғанын білген. Салтанаттың жайын жақсы білген, – дейді ол.

Адвокаттың айтуынша, Бишімбаев пен Байжанов сот процесі барысында бір-бірімен жауласып, “спектакль” көрсеткен.

– Байжановтың бұл позициясы Бишімбаевпен нақты келісілген, – дейді ол. 

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.