Солтүстік Кореяда балаларға сабақ үйрететін робот көрсетілді

Ulysmedia

Солтүстік Кореяның KRT телеарнасы оқытудың жаңа технологиялары туралы сюжетті көрсетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

3dnews.ru-дің мәліметінше, аталған телеарнадағы эпизодтардың бірінде кеудесінде КХДР туы ілінген көк көзді робот көрсетілді. Робот Пхеньяндағы университеттің аудиторияларының бірінде «кетіп» бара жатқан. Бұл робот балаларға математика, музыка және ағылшын тілдерінің негіздерін меңгеруге көмектеседі.

Соңғы жылдары Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын технологиялық және ғылыми жаңалықтарды енгізуді көздейтін білім беру реформасын белсенді түрде ілгерілетуде.

«Мен балалардың интеллектін арттыратын білім беру технологияларын үйретуге көмектесемін», - деді 80 сантиметрлік робот қолын бұлғап.

Университет профессорларының бірі Пак Кум Хи білім беретін роботтарды жасау оңай болмағанын айтты. Олардың зердесін ашу ғалымдар үшін оңай шаруа болған жоқ.