Ресей-Украина соғысы: Си Цзиньпин ұсынысын айтты

Сырым Қаржас

Парижде өткен француз-қытай саммитінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин Ресей мен Украина арасындағы соғыс жөнінде ұсынысын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Қытай төрағасы халықаралық бейбітшілік концеренциясын өткізуді қолдайтынын, алайда ол іс-шара Ресей мен Украина тарапынан мойындалуы керектігін мәлім еткен.

– Тараптардың бәрін диалогты қалпыла келтіруге, біртіндіеп өзара сенімді бекемдеуге шақырамын, - дейді ҚХР төрағасы.

Сонымен бірге ол Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындары кезінде олимпиадалық бітімге келуге шақырды.

Қытай төрағасы Еуроодақ елдеріне кейінгі бес жылда бірінші рет барып отыр. Ол сапарын Парижден бастады.