БАӘ-де дипломат күйеуінен таяқ жеген әйел елге оралды

Сырым Қаржас

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломаттың әйелі Карина Мамашты елге жеткізу мәселесін шешті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Каринамен балалары бірге жеткен.

Ол күйеуімен, Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамашпен ажыраспақ. Мүлікті бөліп, алимент өндіріп алу рәсімін жүргізуге, сондай-ақ оны жүйелі түрде азаптап, ұрып-соққаны үшін жауапқа тартқалы отыр.

Карина Мамаш жақында күйеуі оны 10 жыл бойы физикалық және жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқанын айтқан еді. Әйелдің айтуынша, бірнеше күн бұрын Сәкен Мамаш оның БАӘ-ге қонаққа келген үлкен әпкесін де ұрып-соққан. Дипломаттың әйелі ауруханада, ал балалары әкесімен бірге болған.

Осы шудан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат елге қайтарылатынын хабарлады.