Бақыланғалы 2024 жылдың көкек айы тарихтағы ең ыстық сәуір ретінде тіркелді

Сырым Қаржас

Биылғы сәуір бүкіл әлемдегі ең ыстық ай ретінде тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Еуропалық одақтың Copernicus климатты бақылау қызметінің мәліметіне сәйкес, өткен айдағы температура индустрияға дейінгі сәуірмен салыстырғанда 1,58 градус цельсийге жоғары әрі 1991-2020 жылдар аралығындағы орташа деңгейден 0,67 градусқа жоғары болған.

Зерттеулерге сүйенген мамандар он бірінші ай қатарынан жер бетінде бұрын-соңды болмаған температура байқалғанын хабарлайды. Қатты жылу, әсіресе оңтүстік-шығыс Азия елдеріне келген.

Дүниежүзілік мұхиттың орташа температурасы 21,04 градус болды, бұл 1979 жылдан бергі бір айдағы ең жоғары көрсеткіш және наурыз айындағы рекордтық 21,07 градустан сәл төмен.