Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ulysmedia

Синоптиктер 14-16 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды. Болжамға сәйкес еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай мен бұршақ жаууы мүмкін.

Сондай-ақ жел екпіні күшейеді.

14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар.

16 мамырдан бастап республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды. Сонымен қатар ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.