Қазақстанда долллар қымбаттады

Ғалиасқар Думан

АҚШ ақшасының құны 1,49 теңгеге өскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Коллаж Ulysmedia

АҚШ доллары

Доллардың орташа өлшенген бағамы 440,92 теңгені құрап, 1,49 теңгеге өсті.

Юань

Юанның орташа өлшенген бағамы 60,85 теңгеге (+0,04) дейін өсті. 

Еуро

Ұлттық банк Еуро бағамын 473,54 теңге деп белгіледі. 

Ресей рублі

Ал рубльдің құны – 4,76 теңге. 

Айырбастау пункттерінде доллар 441,5-443,1 теңгеден, Еуро – 475-479 теңгеден, ал Ресей рубльдері – 4,75-4,85 теңгеден сатып алынады/сатылады. 

Мұнай бағасы

Сонымен қатар, әлемдегі мұнай бағасында да өзгеріс бар. ICE Futures электронды сауда-саттығында шілде айындағы Brent фьючерстерінің құны 0,29% - ға өсіп, барреліне 83,03 долларға жетті.