Найзағай, өрт, тұман: Бүгін ауа-райы қандай болады?

Сырым Қаржас

Синоптиктер жұма, 17 мамыр күнге арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

“Қазгидрометтің” болжамынша елдің әр аймағында ауа-райы әртүрлі.   

  • Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Ұлытау облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 
  • Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қарағанды облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 
  • Абай облысының шығысында тұман, облыстың солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады. 
  • Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 
  • Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады. 
  • Шымкентте түннің бірінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 
  • Қызылорда облысының орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. 17 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.  
  • Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 
  • Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 
  • Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі. 
  • Атырау облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 
  • Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, түнде кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.  
  • Павлодар облысының солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. 
  • Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі.  
  • Маңғыстау облысының батысында, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.  
  • Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.