«Әкеңді солай ұрсын»: Егде жастағы азаматты ұрған алматылық көптің ашуын туғызды

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде шашына ақ түскен, егде жастағы азаматты ұрған алматылықтың видеосы жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан скриншот

Желіде тараған бейнежазбадан егде жастағы азаматқа жүйлікке жас жігітті байқауға болады. Алдымен ол өзінен бірнеше жас үлкен кісін қылғындырып алады. Кейін ішінен бірнеше рет ұрады.  

Сол маңнан өтіп бара жатырған бозбола мен бойжеткен үлкен кісіге араша түседі. 

Алматы полициясының баспасөз қызметі бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Тәртіп бұзған бұзақы ұсталған.  

“Ер адамға алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полиция. 

“Әкеңді де солай ұрсын”, “әлің келетін адамды тапқан екенің”, “қорқақ” деген сарында пікір қалдырған желі қолданушылары.