Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлерінің жалақысын 2023 жылға дейін 50-ден 90% дейін көтеру көзделген, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Бүгін де полиция қызметкерлерінің жалақысы құқық қорғау органдарының арасында өте төмен. Сондықтан мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен жалақы көтерілуде. Оның көлемін 2023 жылға дейін 50-ден 90% дейін көтеру көзделген. Осылайша сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, ал лейтенаттың жалақысы 104 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады», - деді министр мәжілісте өтіп жатқан үкімет сағатында.
Айта кетсек министр мәжілісте министр ішкі істер органдары қызметін реформалау жөнінде баяндама жасап жатыр.