Науқас көп: Терек мамығы азаматтардың аллергиясын тудырып жатыр

Ғалиасқар Думан

Семейде терек мамығы жаппай аллергия қоздырып жатыр Семейде теректен ұшқан мамық жұртты әуре-сарсаңға салуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіден

Дәрігерлердің айтуынша, бұл жағдай аллергиясы бар адамдардың ауруын одан сайын қоздырады. 

“Науқастар көп. Түске дейін алтауын қабылдадым. Маусымдық аллергия бойынша күні бойы қарап жатырмыз,”- деді Абай облысының бас аллерголог дәрігері Ботагөз Тұраханова.  

Көптеген тұрғын медициналық бетперде тағатын болған. Кейбірі аллергияға қарсы өз бетінше дәрі ішкен. Ал ем-дом дұрыс жүргізілмесе, оның соңы аллергиялық ринит, бронхиалды демікпеге айналып кетуі мүмкін. Сондықтан дәрігерлер, мұндай жағдайда, ең бірінші, өз бетінше емделмей, мамандарға көрінуге кеңес береді. Ал жергілікті коммуналдық қызметкерлер теректен мамығын тазалап әлек. Тіпті оған 100 адам жұмылдырылған. Әйтседе олар шаһарда мамық шашатын тал-терек көп болғандықтан, сыпырып үлгере алмай жатыр. 

“Таңғы 8-ден, кешкі сағат 4-ке дейін істейміз. Үлгергенше сыпырамыз. Әсіресе жағалауда көп. Таңертеңнен кешке дейін сыпырып жүреміз. Жұмыс көп, кісі аз,”- дейді жұмысшы Гүлдаста Қырықпаева.  

Бұған дейін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов былтыр елімізде 45 жұмысшы жазатайым көз жұмғанын айтқан еді.