Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барды

Сырым Қаржас

Қасым-Жомарт Тоқаев Құрбан айт мерекесіне орай елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда

Мешітте Құран оқытылып, мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды.

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол Ораза айттан кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері Аллаа арнап құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі.

Құрбан айттық бірінші күні (Зилхиж-жаның 10-ыншы күні) таң атқаннан кейін Муздәлифәда таң намазы оқылады. Таң намазынан кейін Муздәлифә уақфасы жасалады. Жерге жарық түскенге дейін дұға етіліп, тілек тіленеді. Сосын қажылар күн шықпай Минаға қарай бет алады. Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін Үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) барады. Құрбан аиттың бірінші күні Үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады.

Қазақстандықтар «qurban2024.kz» сайтына кіріп, құрбандық малын таңдап, онлайн аударым жасай алады. Одан соң телефоныңызға құрбандық шалынғаны жөнінде бейне есебі жіберіледі. Тапсырыс берушілер еш күмән келтірмеуіне болады. Мал шариғат талаптарына сай сойылады, - дейді дін өкілдері.