Бұл туралы өзінің әлеуметтік желіде парақшасында Қанат Тасыбеков есімді тіл үйретуші мұғалім жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол желіде өзін ұлттық құрама бапкері Черчесовпен федерация президеніт Бәрменқұлов таныстырғанын жазды.
“Ситуативный казахский әдістемем бойынша бірінші сабақты өткіздік. Тілдерге деген қабылеті бар екен Станислав мырзада (неміс тілін өз бетімше оқып үйрендім деді мысалы), ал ең бастысы, қазақ тілді үйренуге ынтасы, ниеті бар адам екен,”- деп жазды Қанат Тасыбеков.
Ол желі қолданушыларынан сәттілік тілеп қоюларын сұрады.
“Қызыл сөздің майын тамызып сөйлейтін шешен ғып шығарам деп кепіл бере алмаймын әрине, бірақ сөйлеп кетеді деп ойлаймын, біріншіден тіл оқуға қабылеті бар адам екен, екіншіден ашық, бақай есебі жоқ турашыл адам екен, түсінген-түсібегенін бірден айтады, сондай шәкірттер жақсы,”- деді Тасыбеков.
Жазбаға әртүрлі сарындағы пікірлер қалдырып жатыр. “Сәттілік”, “шын ниеті болса үйренер”, “алға” дегендер бар. Немесе “келесі жолы шаңыраққа қарасын”, “тәубесіне түсіру керек”, “кетсін” деген пікірлер де кездеседі.
Бұған дейін
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтың Астанада алғаш рет баспасөз мәжілісіндегі сөзінде қызуол бірнеше рет қазақ тілінде сұрақ қойған журналистен сауалды орысша қоюды талап еткен.
Белгілі журналист Нұрсұлтан Құрман әуелі бас бапкерге қазақ тілінде қойған сұрағын Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов орыс тіліне аударып берген. Кезекті рет қазақша сауалға Станислав Черчесов ашуланып шыға келген.
«Сұрақты неге орысша қоймайсыз? Мен қазір сізге өз ана тілім осетин тілінде жауап берсем не болады? Бірақ ол кезде ешкім түсінбейді. Осының алдында қазақша сауалыңызды федерация президенті аударып берді, енді ол кісіні қайта-қайта әурелемеймін ғой. Өтініш жасау бірінші рет тегін болады, ал кейіннен ондай жүрмейді», – деді ресейлік бапкер.
Бас бапкерлікке қашан келді
Еске сала кетейік, осы айдың басында Станислав Черчесов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған еді.
Ресейлік футбол жаттықтырушысы, футболшы, КСРО және Ресей құрамаларының қақпашысы Станислав Саламович Черчесов 1963 жылы 2 қыркүйекте Солтүстік Осетия Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының Алагир қаласында (қазіргі Солтүстік Осетия-Алания Республикасы) дүниеге келген. Футболды туған жеріндегі «Спартак» мектебінде бастаған.
Ал Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып келген Станислав Черчесовтың айлығын білмейтін болып шықты. Ол осы сұрақты қойған журналистерге «федерациядан бірге сұрауды» ұсынды.