Путин Астанаға келді

Сырым Қаржас

Ресей президенті Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет

Ресей басшысы Владимир Путинді әуежайда Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысады. 

ШЫҰ

ШЫҰ-ны 2001 жылы алты мемлекет — Қазақстан, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан құрған. Кейінірек бірлестікке Иран, Үндістан және Пәкістан елдері қосылды. 

ШЫҰ тауар айналымы

5 жыл ішінде Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 56,5%-ға өсіп, $66 млрд құраған. 2024 жылғы қаңтар-сәуірде ұйым ішіндегі өзара сауда көлемі $19,1 млрд  құрады. Осы кезеңде ҚР мен РФ арасындағы тауар айналымы $7,4 млрд құрады.