АҚШ-тағы Линкольн қаласындағы (Небраска штаты) балалар хайуанаттар бағындағы үш барыс коронавирус жұқтыру салдарынан өліп қалды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
life.ru-дың мәліметінше, бұл туралы мекем Фейсбук парақшасында жазған.
«Біз Линкольн балалар хайуанаттар бағындағы үш барыстың COViD-19-дың асқынуы салдарынан өліп қалғанын хабарлаймыз. Біздің Ранни, Эверест және Макалу барыстарын хайуанаттар бағының ішінде де, сыртында да бәрі жақсы көретін. Бұл жағдай расымен жүрегімізді ауыртты және бәріміз қайғырудамыз», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, екі суматрандық жолбарыс – Аксель мен Кумар коронавирус жұқтырған, бірақ мамандар екеуін де аман алып қалды.