Астанада 16 бала уланып қалды

Ғалиасқар Думан

Астанада 16 баланың улануына себеп болған тәтті тоқаш өндірген кәсіпорын жазаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Pixabay

Балалар Қосшы қаласында рұқсат құжаттарсыз жұмыс істеген кәсіпорыннан алған тәтті тоқаштан уланған. 

Тәтті тоқаштар сақтау шарттары бұзылып тасымалданған. Бұл Астанада 16 баланың улануына алып келген. Кәсіпорынға айыппұл салынды.