«Бір айда 33 теңге қосылды»: Доллар әлі өсіп жатыр

Ulysmedia

9 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 480,77 теңгені құрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөзден

Демалыс күндері доллар 3,94 теңгеге, ал бір ай ішінде 33,4 теңгеге өсті.

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде орташа есеппен келесі валюта бағамдары белгіленген:

доллар: сатып алу – 479-481 теңге, сату – 481,7-483 теңге;

еуро: сатып алу – 519-520 теңге, сату – 523-524 теңге;

рубль: сатып алу – 5,3-5,38 теңге, сату – 5,39-5,47 теңге.

ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 85,37 долларды құрайды.