Астана әкімдігі: 13-14 шілде күндері Әлімбаев көшесі толығымен жабылады

Сырым Қаржас

Астана қаласы көшелеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты 13-14 шілде күндері Әлімбаев көшесі толығымен жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласы әкімдігі

Елорда әкімдігінің ресми сайтының хабарлауынша, жол төсеміне орташа жөндеу жүргізуге байланысты 13-14 шілде күндері Астанадағы Амман көшесінен бастап, А.Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскедегі М.Әлімбаев көшесі толығымен жабылады.

Қала басшылығы елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз бағыттарыналдын ала жоспарлауды сұрады.