Бурабайға барар жолда көлік кептелісі қалыптасты

Сырым Қаржас

Бүгін жол-көлік оқиғасы салдарынан Астана бағытынан Бурабайға барар Астана-Көкшетау автожолының бойында көліктер кептеліп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

 

Видео кадры

Бұл туралы куәгерлер әлеуметтік желіге видео жариялап жатыр. 

Кадрдан көлік кептелісінің қаншалықты қашыққа созылғанын байқауға болады.

Видео авторлары Астанадан Бурабайға барар жолда біраз уақыттан бері көлік “қаңтарып” тұрғандарын айтып отыр.

Олар бұл кептелісті алдыда болған жол-көлік апатының салдарынан болып отыр дейді. Айтуларынша Ақкөл ауылы тұсында жүк көлігі аударылып, жолды жауып қалған көрінеді.

Ulysmedia.kz тілшілері Ақмола облыстық полиция департаментіне осы жағдай бойынша ресми жауап алу мақсатында сауал жолдап қойды. Әзірге оқиғаның анық-қанығына жете алмай отырмыз. Және де бұл күндіз болған бояу тиеген жүк көлігінің аударылу оқиғасына қатысы бар, не жоқ екені де белгісіз.