Белгілі медиаменеджер RAMS құрылыс компаниясын сотқа бермек

Сырым Қаржас

Белгілі медиаменеджер Абылайхан Камаладин RAMS компаниясын сотқа береді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

сурет ашық дереккөзден

Камалдин компаниямен келіспегенін мәлімдеді. 

– Мен бүгін ақшамды қайтару үшін RAMS компаниясын ресми түрде сотқа беремін, - деді ол. 

Ол сондай-ақ осы құрылыс компаниясынан баспана алмауға кеңес берді. Бұдан басқа, ол блогерлерді RAMS-ке жарнама жасамауға шақырды. 

– Біз RAMS мәселелері жөнінде фильм түсіреміз. Қазір әрбір үшінші адам осы компанияны сотқа беріп жатыр, - деп қосты ол.

Rams – Қазақстандағы ірі құрылыс компанияларының бірі. Компанияның бенефициар иесі – Фарук Булбул. Ол Rams Qazaqstan компаниясының бас директоры.