Сметов пен Қырғызбаевқа қанша млн теңгенің көлігі сыйға тартылды

Сырым Қаржас

Париж Олимпиадасынан алтын және қола медаль әкелген дзюдошылар Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа қымбат көлік тарту етілгені белгілі. Ulysmedia.kz тілшісі олардың қандай әрі қанша тұратын көлік екенін біліп көрді.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Ғұсман Қырғызбаевқа берілетін Toyota Land Cruiser 250 автокөлігі бүгін әуежайда сыйға тартылған. Спортшы су жаңа көлігімен әуежайдан аттанып кетті. Аталған көліктің ең арзан комплектациясы 31,5 млн теңгеден басталады. Қымбат комплектациясы 39 млн теңгеге дейін барады.

Ал Елдос Сметовке ақ түсті Lexus LX 600 (VIP) тарту етіледі. Оның шағын комплектациясы 68 млн теңгеден толық комплектациясы 89 млн теңгеге дейін барады.

Елдос Сметовтың бапкеріне 2024 жылғы жаңа Hyundai Santa Fe сыйға беріледі. Оның шағын комплектациясы 18 млн теңгеден ал қымбаты 25 млн теңгеге дейін барады.

Париж Олимпиадасында өнер көрсетіп, 1 алтын және 1 қола медаль алған, Елдос Сметов бастаған дзюдошылар елге оралды. Оларды Алматыдағы әуежайда жүздеген адам қарсы алған еді.