Алматы облысында экскаватор жүргізушісімен бірге өзенге құлап кетті

Ulysmedia

Зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.

Фото: видеодан алынды

Алматы облысында экскаватормен бірге өзенге құлап кеткен жүргізуші құтқарылды,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватор жолдан өзенге аударылып кеткен.

Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.