Орал қаласында 48 жастағы ер адам 6 тамызда үйінен шығып кеткеннен үйіне оралмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 тамыз күні 1975 жылғы Орынбасар Адиотоллаұлы Сипатталовтың әйелі полицияға арызбен жүгінген. Оның айтуынша, күйеуі 6 тамызда сағат 09.30-да жұмысқа кетіп, осы уақытқа дейін келмеген.
БҚО полиция департаментінің барлық жеке құрамы осы азаматты іздестіруге бағытталған. Қазіргі кезде ер адамды табу үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Егер аталған адам туралы мәлімет білгендер полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуы сұралады, - делінген ПД ақпаратында.