Қырғызстан "Талибанды" тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы көрші мемлекеттің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Қырғызстан СІМ "Талибанның" тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылғанын растады.

Ведомство мұндай шешім өңірлік тұрақтылықты және Ауғанстанмен диалогты нығайтатынын мәлімдеді.

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің ақпараты бойынша, "Талибанды" тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім қабылдамас бұрын, бұл мәселе мұқият және жан-жақты қаралған.

"Республика Ауғанстанда және жалпы өңірде тұрақты және бейбіт жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың күш — жігерін қолдауға ұмтылады", - деді Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан билігі не дейді?

Бұған дейін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Ауғанстан билігімен - "Талибан" террористік ұйымы қозғалысының өкілдерімен ынтымақтастықтың себептері туралы айтып берген. 

ҚР СІМ өкілі "Ауғанстан – біздің өңірдегі өте маңызды ел" деп атап өтті.